Жаңалықтар мен хабарландырулар

AFD шеңберіндегі акция қағидалары

2026-09-08 15:30
🎁 Акция: Tabys Pro-дың жаңа клиенттеріне бағалы қағаздар сыйлаймыз!

Astana Finance Days форумы аясында өткізілетін маркетингтік акциямызға қатысып, құны 10 USD болатын алғашқы инвестициялық портфельді мүлдем тегін алыңыз!

Қалай қатысуға болады?

  1. Біздің стендке келіңіз: Astana Finance Days форумындағы Teniz Capital стендіне кіріңіз.
  2. Интерактивті ойынға қатысыңыз: 2026 жылғы 9 немесе 10 қыркүйекте стендте өтетін «Назад в будущее» және/немесе «Инвест Квиз» белсенділіктерінің кем дегенде біреуінен өтіңіз.
  3. Қосымшаны жүктеп алып, шот ашыңыз: елсенділіктен өткен соң, бірден стендте Tabys Pro мобильді қосымшасын жүктеп алып, алғаш рет инвестициялік шот ашыңыз (онбординг пен KYC процедурасын толық аяқтау қажет).
  4. Нөміріңізді қалдырыңыз: Тіркелу кезінде пайдаланылған ұялы телефон нөміріңізді стендтегі компания қызметкеріне ұсыныңыз.

Не аласыз?

Тіркелу процедурасы сәтті аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы сіздің жаңа брокерлік шотыңызға 10 АҚШ долларына баламалы сомада бағалы қағаздарды (акциялар немесе ETF) тегін аударады.

  • Аудару мерзімі: Tabys Pro қосымшасында онбордингтен сәтті өткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.
  • Салықтар: Бонус бойынша жеке табыс салығын Ұйымдастырушы өз есебінен ұстап, төлейді.

⚠️ Маңызды ескертулер:

  • Бағалы қағаздардың нақты түрін Ұйымдастырушы анықтайды, оларды клиенттің талабы бойынша басқаға айырбастауға болмайды.
  • Нарықтағы құбылмалылыққа байланысты портфельдің нақты құны аударылған сәтте ±20%-ға дейін өзгеруі мүмкін.
  • Бонус тек бір рет және тек жаңа клиенттерге беріледі. Бірнеше аккаунт ашуға (жалған әрекеттерге) тыйым салынады.

Ресми ережелердин толық мәтінімен танысу үшін сілтемеге өтіңіз.

Акцияның өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 9 және 10 қыркүйек (қоса алғанда).

Акция ұйымдастырушысы: «Teniz Capital (AIFC) Ltd.» Жеке компаниясы, АФСА (AFSA) қаржылық қызметтерді реттеу комитеті берген № AFSA-A-LA-2024-0022 лицензиясы.