Осы арқылы Астана халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес құрылған Teniz Capital Brokerage Ltd. жеке компаниясы (БСН 240640900275) (бұдан әрі – «Компания») Компанияның кредиторларына Компания акционерлерінің Жалпы жиналысы Компанияның өзінің 100% еншілес ұйымы — Астана халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес құрылған Tabys Ltd. жеке компаниясын (БСН 241240900194) (бұдан әрі – «Tabys Ltd.») Компанияға қосу арқылы қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде:
1.Tabys Ltd. өз қызметін тоқтатады және тарату рәсімін жүргізбестен АХҚО қатысушыларының тізілімінен шығарылады;
2.Компания Tabys Ltd.-ның барлық құқықтары мен міндеттерінің, соның ішінде Tabys Ltd. кредиторлары алдындағы міндеттемелерінің әмбебап құқықтық мирасқоры болады.
Қосылу туралы шарттың (Merger Agreement) және Компания акционерлерінің Жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі Компанияның кредиторларына олардың сұрауы бойынша тегін берілуі мүмкін. Сұрау Компанияның мына мекенжайына жіберілуге тиіс: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 60/4 ғимарат, 0905 кеңсе.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Компания қайта ұйымдастыруға (бірігуге/қосылуға) қарсылықтарыңыз болған жағдайда, осы қайта ұйымдастыру (бірігу/қосылу) туралы хабарлама жасалған күннен бастап 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде тиісті хабарлама жіберуіңізді сұрайды.
Сіздің назарыңызды Компанияның кредиторлар алдындағы міндеттемелері бойынша тараптың өзгермейтініне аударамыз. Қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейін туындаған Компанияның барлық міндеттемелері бұрынғы талаптармен күшінде баллады, ал Компания тиісті шарттар мен өзге де міндеттемелер бойынша тарап болып қала береді.
Қайта ұйымдастыру, тиісті кредитормен жасалған шартта немесе қолданылатын құқықта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Компанияның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындауға негіз болып табылмайды.
Осы қайта ұйымдастыру (бірігу/қосылу) туралы хабарламаға байланысты барлық мәселелер бойынша Компанияның сайтында көрсетілген Компанияның мекенжайына және/немесе электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.
Ізгі тілекпен, Teniz Capital Brokerage ltd. командасы